АЭС бойынша референдум: дауыс беру қорытындысы жарияланды
Орталық референдум комиссиясы Республикалық референдумның нәтижелерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 12 миллион 284 мың 487 адам.
Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66 пайызы.
Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны – 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12 пайыз. Осылайша, референдум өтті деп саналады.
Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!