World News in Kazakh

Талғардағы адам өлімі: полиция бейнебақылау камерасына қатысты мәлімдеме жасады

Алматы облысының Полиция департаменті Талғарда болған төбелес түсіп қалған бейнебақылау камераларының жазбалары жойылды деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілді деген жалған ақпарат тарауда.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазбалар полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазба зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетіні айтылды.

"Тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз", - делінген хабарламада.













Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????? АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@police_almobl)


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net