Дропперлер деген кімдер және олардың қандай қаупі бар
Tengrinews Halyk Bank-пен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес сегментіндегі ең көп таралған алаяқтық түрлері туралы материалдар топтамасын жалғастыруда. Біз бизнесіңіздің қалай қауіпке ұшырауы мүмкін екенін, қауіпсіздік ережелерін елемеудің қандай тәуекелдерге соқтыратынын және олардан сақтану жолдарын айтып береміз.
Дропперлердің кім екені және олардың бизнес үшін неліктен қауіпті екені туралы ойланып көріп пе едіңіз? Зерттеулер көрсеткендей, алаяқтық әрекеттердің 30 пайыздан астамы дропперлерді пайдалану арқылы жасалады екен. Дроп немесе "ақша қашырлары" дегеніміз – өзінің банк картасын алаяқтар ұрлаған ақша өтетін "транзит" ретінде қолдануға келісім беретін адам. Ол заңсыз алынған қаражатты әртүрлі шоттар арқылы өткізеді, негізгі мақсаты – белгілі бір сыйақы үшін осы тізбекті құрған адамға ұрланған ақшаны жеткізіп беру.
Дропперлер қалай қалай жұмыс істейді?
Алаяқтар дропперлерді әртүрлі жолдармен табады:
Әлеуметтік желілер мен интернет-форумдар: Ақша үшін тәуекелге баруға дайын адамдар жеңіл жолмен қыруар табыс әкелетін хабарландыруларға бірден қызығады.
Таныстары арқылы: Қаскөйлер таныстары мен достарын дроппер болуға үгіттеп, соларды пайдалануы мүмкін.
Алдау және түрлі қулыққа бару: Кей кездері дропперлер алаяқтық әрекетіне қатысып жатқанын білмейді де, олар заңды бизнеске көмектесіп жатқанына сенеді.
Ол сіздің бизнесіңізге қандай қауіп төндіреді?
Егер дроппер сіздің компанияңызда болса, мұның салдары ауыр болуы мүмкін:
Қаржылай шығындар: Алаяқтар дропперлерді ұрланған қаражатты сіздің шоттарыңыз арқылы аудару үшін пайдалана алады, сондықтан ақшаңыздан айырылуыңыз мүмкін.
Заңға қатысты проблемалар: Сіздің бизнесіңіз алаяқтық схемаларға тартылып, мұның соңы тергеу, айыппұлдар, тіпті, қылмыстық істерге де соқтыруы мүмкін.
Абыройыңызға нұқсан келеді: Алаяқтықпен байланысты болып шықсаңыз, тұтынушыларыңыз бен серіктестеріңіздің компанияңызға деген сенімі жоғалады.
Өзіңіз бен бизнесіңізді қалай қорғай аласыз?
Қызметкерлерді тексеріңіз: Жаңадан келген қызметкерлеріңіз бен серіктестеріңізді, әсіресе, қаражат пен құпия ақпаратқа қол жеткізе алатындарды мұқият тексеру керек.
Персоналды оқытып тұрыңыз: Қызметкерлеріңізге алаяқтардың айла-амалдары туралы туралы айтып беріп, оларды күмәнді ұсыныстар мен байланыстарды тануға үйретіңіз.
Қауіпсіздік жүйелерін қолданыңыз: Заңсыз транзакциялар мен корпоративтік жүйелерге рұқсатсыз кірудің алдын алатын мониторинг және қорғау жүйелерін енгізіңіз.
Операцияларды қадағалаңыз: Қаржылық операцияларды және аса маңызды деректерге қолжетімділікті қадағалаудың қатаң тәртібін енгізіңіз.
Пайдалы кеңес
Ықтимал қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтап, алдын алу үшін жүйелі түрде ішкі аудиттер ұйымдастырып, тексеру жүргізіп тұрыңыз. Қызметкерлер күдікті әрекеттер туралы қорықпай хабарлай алатындай сенімді атмосфера қалыптастырыңыз.
Дропперлер дегеніміз – немқұрайлы қарауға болмайтын шынайы қауіп. Қарапайым сақтық шараларын ұмытпай, қызметкерлерді оқытып, заманауи қорғаныс жүйелерін пайдалану бизнесіңізді қорғауға септігін тигізеді. Барынша сақ, әрі мұқият болыңыз – бұл алаяқтардан қорғанудың ең дұрыс жолы.
Tengrinews пен Halyk Bank-тің арнайы жобасының парақшасына өтіп, алаяқтыққа төтеп беру жолдары туралы толығырақ біліңіз.