World News in Kazakh

Бұрынғы полиция бастығы кеңсесіндегі қыз зорлау оқиғасы: жаңа мәлімет

Жетісу облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талдықорған сотының сот отырысы хатшысына және тағы екі адамға қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен соталды тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әңгіме Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаевқа қатысты қыз зорлады деген айып бойынша атышулы іс туралы болып отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, сот отырысының хатшысы жәбірленушінің айғақтарын Күштібаевтың пайдасына өзгертуге жәрдемдесеміз деген желеумен, оның жұбайы берген 20 миллион теңгені иеленген. Бұл жарты сома болған.

"Күдіктілерге қатысты соттың санкциясы бойынша, "үйқамаққа алу" және "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылды", - деді Биғайдаров брифингте.

Еске салайық, 2023 жылдың қарашасында Талдықорған полициясының бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net