Заң бәріне ортақ: Таразда бір күнде 200-ге жуық жол ережесін бұзу дерегі анықталды
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаевтың тапсырмасы бойынша өңірде жол қауіпсіздігінің алдын алу және жол ережелерін қасақана бұзушыларды анықтау бойынша жұмыстар күшейтілді.
Жол қозғалысы ережелерін сақтау, бұзушылық деректерін болдырмау мақсатында кең ауқымды жергілікті тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Тараз қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бір тәулікте облыс орталығының аумағында 191 жол қозғалысы ережесін, оның ішінде самокаттар мен мопедтерді пайдалану бөлігіне қатысты бұзушылықтарды анықтады.
Жүргізушілер жол белгілерін және жолдың жүру бөлігі белгіленген ережелерді бұзуда, жолаушыларды тасымалдау ережелерін, жол қиылысынан өтуді, мопедтер мен скутерлерде қорғаныс құралдарын міндетті пайдалану талаптарын сақтамайды.
Сондай-ақ, автокөлік жүргізушілері құжатсыз көлік құралын басқарғаны, алдыңғы және бүйір әйнектерді қараңғылауға тыйым салу талабын бұзғаны, рульде телефонды пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Тексерудің алғашқы күнінің қорытындысы бойынша айыппұл тұрағына 26 скутер мен мопед, 2 көлік құралы қойылды.
Сообщение Заң бәріне ортақ: Таразда бір күнде 200-ге жуық жол ережесін бұзу дерегі анықталды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.