World News in Kazakh

Алматы-Мәскеу пойызы қайтарылуы мүмкін бе? Көлік министрлігі жауап берді

Алматы-Мәскеу пойызының бағытын қайтару жоспарланып отыр ма? Көлік министрлігі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство Ресей темір жолымен келіссөз жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Алматы-Мәскеу пойызының жүруіне қатысты. Жолаушыларды Алматыдан Мәскеуге дейін тасымалдауды қамтамасыз ету үшін No7/8 Алматы- –Саратов жедел пойызының бағытын Мәскеу станциясына дейін ұзарту бойынша Ресей темір жолымен жұмыс жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ, Көлік министрлігі Ақтөбе-Мәскеу пойызының жүруіне қатысты сұраққа да пікір білдірді.

"Алматы-Мәскеу N 7/8 жедел пойызының бағытын жоспарланып отырған қайта бастауға байланысты: Ақтөбе-Мәскеу пойызын ұйымдастыру жоспарланбаған", - делінген ведомствоның жауабында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net