World News in Kazakh

Лек жалау (шөлдік)

Бұл тақыр алаңдарда ойналатын балалар ойыны. Ойынға екі басы үшкірленген, ұзындығы бір қарыс шөлдік (ағаш) керек. Ойынға күні бұрын үлкен қазан аузындай шеңбер сызылып, ортасына шөлдік қойылатын шұңқыр қазылады, шөлдік шұңқырдың ішінде емес үстінде жатуы керек. Бұдан басқа әр ойыншының өзінің ұзындығы бір метрдей таяғы болу керек. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды.

Ойын ережесі

Ойнаушылар кезек алысып, біріншіден бастап әрқайсысы өз кезінде шөлдікті қолындағы таяғымен жерден көтеріп алып, жерге түсірмей соғады да таяғын шеңбердің үстіне тастайды. Ал екінші кезектегі ойыншы шөлдікті түскен жерінен алып қайтадан соққан ойыншының таяғын көздеп шеңберге қарай лақтырады. Лақтырған кезде таяққа тигізсе, не болмаса шеңбердің ішіне түсірсе,...

Читайте на 123ru.net