World News in Kazakh

Қарағандыда лифт істен шықты: тағы бір құрылысшы көз жұмды

Қарағандыда салынып жатқан көпқабатты үйде құлаған лифт салдарынан тағы бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

29 қазаннан бері реанимацияда болған екінші құрылысшының қайтыс болғаны белгілі болды.

Осыған байланысты қылмыстық іс тергеліп жатқан баптың біліктілігі өзгертілді. Енді тергеу "абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша жүргізіледі.

Сонымен қатар мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті тергеу жүргізіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үйдегі лифт істен шығып, бір адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net