World News in Kazakh

БҚО-да бұрынғы полицей адам өлтірді деген күдікке ілінді

Батыс Қазақстан облысында бұрынғы полицей адам өлтірді деген күдікке ілініп, тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой Город" басылымна сілтеме жасап.Қайғылы оқиға 17 қарашаға қараған түні Тасқала ауданында болған.

"Ер адамдар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Ауыр дене жарақатынан олардың бірі ауруханада көз жұмды", – деп хабарлады БҚО прокуратурасы.

Күдіктіні полиция қызметкерлері ұстаған.

"Ол ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылған бұрынғы қызметкер болып шықты", – делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта экс-полицей уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталды.
Күдікті қашан жұмыстан шығарылғаны туралы мәліметті облыстық департамент әлі нақтылаған жоқ, бұл ақпарат кейінірек беріледі деп хабарланды.
Тергеу жалғасып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net