World News in Kazakh

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамына қарағанда, бүгін, 23 қарашада еліміздің барлық өңірінде ауа райы қолайсыз болады. Кей өңірде тұман түсіп, бұрқасын мен екпіні күшті жел соқса, енді бір өңірлерде көктайғақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстігінде тұман.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Астанада кей уақыттарда тұман түседі.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысында шығыстан жел соғады, солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні секундына 23-28 метрге, тау асуларында 30 метрден асады.

Шымкентте шығыстан жел соғады, екпіні секундына 23 метрден асады.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Шымкентте жел соғады, екпіні кей уақыттарда секундына 23 метрге жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады.

Алматыда түнде тұман, жолдарда көктайғақ болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net