World News in Kazakh

Қазақстанда әскери қызметке запастағы офицерлер шақырылады

Қазақстанда екі жыл мерзімге әскери борышын өтеуге запастағы офицерлер шақырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес, офицер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2025 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылады.

Қарулы Күштер қатарына 700 адамды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 80 адамды, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына 131 адамды, Төтенше жағдайлар министрлігіне 4 адамды шақыру жоспарланған. Келер жылы барлығы 915 запастағы офицер шақырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net