Қазақстанда бизнес үшін онлайн-банкингтің дамуы
Соңғы жылдары қазақстандық кәсіпорындар өз қызметінде цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізуде, бұл олардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады. Электрондық төлемдер, ақша аударуға арналған мобильді қосымшалар және онлайн-банкинг бизнестің ажырамас бөлігіне айналуда.
Қазақстандағы кәсіпорындардың онлайн операцияларды жүргізу саны жыл сайын артып келеді. Мысалы, Kaspi, ForteBank елімізде бизнес үшін интернет-банкингті енгізуді алғашқылардың бірі болып бастады.
Жылдан-жылға Қазақстанда онлайн төлемдерді қабылдайтын кәсіпорындардың саны динамикалық түрде өсуде. Мысалы, 2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, мұндай кәсіпорындардың саны жылына 26,9%-ға артып, 967,6 мыңға жетті. Сонымен қатар, осы кәсіпорындардың сауда нүктелерінің саны 22,7%-ға өсіп, 1,1 миллионға жетті. Бұл кәсіпорындардың цифрлық технологияларға, әсіресе төлемдер мен қаржы...