World News in Kazakh

Астанада есірткі қылмысы бойынша күдікке ілінген 15 адам ұсталды

Астана полициясы есірткі саудасының ірі арнасын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құқық қорғау органдары прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі таратқан екі интернет-дүкеннің қызметін тоқтатты.
Негізгі ұйымдастырушы 23 жастағы қыз болған. Ол есірткіні сатып алу, сақтау және клиенттерге жеткізуді толықтай үйлестірген.

"Қылмыскерлер есірткі саудасы үшін Telegram платформасын пайдаланған", - деп хабарлады Астана Полиция департаменті.


Жалпы, жедел уәкілдер күдіктілердің мекенжайлары бойынша 30 санкцияланған тінту жүргізді. 15 адам ұсталған. Полиция қызметкерлері 5 келі синтетикалық есірткіні тәркіледі, бұл 15 мың рет қолдануға жетеді.
Сонымен қатар, бұған дейін осы топтың 26 жастағы қатысушысы ұсталды. Тінту барысында одан мефедрон жасырылған шаңсорғыш табылып, тәркіленген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net