World News in Kazakh

Сәбит Мұқановтың қызы қайтыс болды

Белгілі қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың қызы Баян Мұқанова қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаралы хабарды Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық мұражай кешені естіртті.

"Марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.

Сәбит Мұқанов (1900–1973) – қазақтың көрнекті жазушысы, ақын және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. 1943-1951 жылдары Қазақстан жазушылар одағын басқарды.
Оның әйгілі шығармаларының қатарында "Ботагөз", "Сырдария" романдары мен "Өмір мектебі" өмірбаяндық трилогиясы бар. Оның қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.
Баян Мұқанова отбасының ғылыми дәстүрін жалғастырып, саналы ғұмырын ғылым мен білімге арнады. Ол химия ғылымдарының кандидаты, ауыл шаруашылығы институтында сабақ берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net