Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды
Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкерлері есірткі зертханасын жою бойынша арнайы операция жүргізді.
Іс-шара барысында саяжай аумағынан ақ түсті, ұнтақ тәріздес зат толтырылған 6 ағаш бөшке табылды. Бұл зат есірткі жасауға арналған прекурсор екені анықталды. Кейінірек бұл бөшкелер BMW X5 көлігіне тиелгені анықталды.
Көлікті 39 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны басқарған. Жүк жеке үйге тасымалданбақ болған кезде көлік тоқтатылды. Үйге тінту жүргізу барысында 1 тоннадан аса прекурсор және 10 келіден аса дайын есірткі, яғни альфа-PVP тәркіленді. Одан бөлек:
прекурсорлары бар 6 ағаш бөшке;сұйықтығы бар 35 шыны паллет, олардың құрамында кептіру сатысындағы психотроп зат болуы мүмкіндеген күдік бар;белгісіз сұйықтық құйылған 33 канистр;ұнтақ тәріздес зат салынған 4 қап;сүзгілері бар 5 газтұтқыш;жалпы салмағы шамамен 3 келі болатын альфа-PVP дайын есірткісі салынған 3 вакуум пакет;есірткі жасауға арналған жабдық (араластырғыштар, вакууматор, желдеткіш жүйесінің металл бөлшектері);таразылар, телефондар, жүйелік блок және заңсыз әрекетке қолданылған басқа да заттар бар.
Бұл операция нәтижесінде қара нарыққа 500 мың дозаға жуық синтетикалық есірткі таралуына тосқауыл қойылды. Қылмыстық іс бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!