World News in Kazakh

Жолдау: Түркістан облысында 50 мектептің құрылысы жүріп жатыр

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында білім саласындағы қордаланған мәселелерді шешу жолдары жайында айтылған болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 50 жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Мектептердің 29-ы "Жайлы мектеп" жобасы аясында бой көтеруде. Аталған оқу орындары пайдалануға берілгенде облыстағы орын тапшылығы мен 4 апатты, 3 үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешілмек.

Биыл алғашқы рет көптен бері жөндеу көрмеген 300-ден астам мектептерге жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 193 мектеп ағымдағы жөндеуден өтсе, 107 мектептің жылыту жүйесі газға ауыстырылды. Бұдан бөлек, 16 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Сонымен қатар, 330 мектеп жоғары жылдамдықты "Starlink" спутниктік интернетпен қамтылды.

Читайте на 123ru.net