Астанадағы сауда орталығында әйел эскалаторға қолын қысып алды
Астанадағы сауда орталықтарының бірінде әйел эскалаторға қолын қысып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға орнында түсірілген суреттерді Tengrinews.kz оқырмандары бөлісті. Олардың айтуынша, Сарыарқа даңғылындағы "Керуен" сауда үйіне келушілердің бірі оқыс оқиғаға тап болған.
Куәгерлердің сөзінше, 56-58 жас шамасындағы әйелдің қолын эскалатор қысып қалған. Ол эскалаторда сүрініп, құлап кеткен, содан кейін қолын шайнап кеткен.
Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Қазір жәбірленушінің жағдайына қатысты ақпарат анықталып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!