World News in Kazakh

Қар жауып, жел соғады: 4 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

4 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, жолдарда көктайғақ болады.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман.

Атырау облысының шығысында тұман.Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі.Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман.Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман.Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Астанада кей уақыттарда тұман.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net