World News in Kazakh

Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде пәтер өртенді

Астанада "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде ірі өрт шықты. Оқиға видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Анет баба көшесінде орналасқан тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінде өрт шыққан. Бейнежазбадан тұрғын үйдің өртенгенін, терезелерден жалын пен түтін шығып жатқанын көруге болады.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өртсөндірушілер сағат 16:09-да өртті оқшаулап, оның таралуына жол бермеген.
Кейінірек министрлік өрттің 15 шаршы метр аумақта сөндірілгенін хабарлады.

"7-қабаттағы пәтерде жиһаз бен тұрмыстық заттар жанған. Төтенше жағдай қызметкерлері баспалдақ арқылы түтін басқан аумақтан 6 адамды құтқарып, 10 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net