World News in Kazakh

Қазақстанда пошта қызметінің ережелері өзгереді

Бүгін Мәжіліс "Пошта туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Пошта операторларының жұмысына қандай өзгерістер енгізілетінін депутат Екатерина Смышляева айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутаттың айтуынша, жаңалықтардың бірі – "Қазпошта" бөлімшелерінен сәлемдемелерді үшінші тұлғалардың алуына рұқсат беру болады.
Сонымен қатар, заң жобасында ескірген және сұранысқа ие емес пошта қызметтерін, мысалы, ашық хаттар мен бандерольдерді жіберу қызметін алып тастау көзделген.

"Сұранысқа ие емес хат-хабарларды сақтау мерзімі қысқартылады. Пошта инфрақұрылымына қатысты ескірген нормалар алып тасталады. Сондай-ақ бірқатар норма пошта байланысы нарығын дамытуға және осы саладағы реттеушінің өкілетін нақтылауға бағытталған", - деп қорытындылады депутат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net