World News in Kazakh

Шерзат Болаттың өлімі: Алматы облысының әкімі қазақстандықтарға үндеу жасады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Шерзат Болаттың отбасына көңіл айтып, қазақстандықтарды сабырлық танытуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОКҚ брифингінде журналистер әкімнен Шерзат Болат ісіне қатысты тергеу жайлы сұрады. Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, қазіргі уақытта бұл іс ІІМ мен Бас прокуратураның бақылауында.

"Отбасына көңіл айтамыз. Біз жағдайды мұқият қадағалап отырмыз. Бұл іс министр мен бас прокурордың бақылауында. Сабырлық танытуды сұраймыз. Қазір олар өз жұмыстарын ашық жүргізіп, баспасөзде есеп беріп жатыр", – деді Сұлтанғазиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net