Қызыл сонар
Желтоқсанның қақ ортасы, бір отыз жас шамасы жан сонар қарды сықырлатып келе жатыр. Асылында бұ өңірде қыс бойы қар жоқ тұғын. Айналасында қардан көк шөп ұшы ғана шығып тұр. Теректер де көк жапырағын жапырайтып тұр. Киіміне қарасақ, қысқа дайын емес екені көрініп тұр-ақ. Аяқ киімі мен шалбарына қар жабысып, үсті басы су болды. Үстінде жеңіл-желпі жейдеден басқа түк жоқ. Бас киімі де жоқ болғасын құлағы қырмызыдай қызарып кеткен. Бұндай күнге үйренбеген де, тісі тісіне дір-дір қағып тықылдап барады. Кетіп бара жатқан бақтың іші тып-тыныш, ешкім жоқ еді, ар жағындағы жолдан бір жедел жәрдем көлігі гуіл-гуіл етіп зу өтті. Қар жоқта...