World News in Kazakh

Қырғызстан премьер-министрі қызметінен кетті

Қырғызстан Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
БАҚ мәліметінше, бұл бүгін, 16 желтоқсанда болған.

"Ақылбек Жапаров өз еркімен қызметтен кету туралы өтініш жазғаны белгілі", – деп хабарлады БАҚ.

Қазіргі уақытта Қырғызстанның Министрлер кабинетін кім басқаратыны белгісіз.
Айта кетейік, Ақылбек Жапаров 2021 жылдың 1 маусымы мен 12 қазаны аралығында Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Бұл қызметті Экономика және қаржы министрлігін басқарумен бірге алып жүрген. 2021 жылғы 13 қазанда Министрлер кабинеті төрағасы және Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net