World News in Kazakh

СҚО-дағы колледждердің бірінде бопсалау белең алған

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары кәмелетке толмағандар арасында қорқытып алу деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі бас прокуратура мәліметіне сілтеме жаап.
Қадағалаушы орган Ленинград ауылшаруашылық колледжінің студенттерімен жеке әңгімелесу барысында бірінші курс студенттерінен ақша қаражатын жүйелі түрде қорқытып алу деректерін анықтады.

"Прокуратураның материалдарына сүйене отырып, бұл факт Қылмыстық кодекстің 194-бабы 1-бөліміне сәйкес Ақжар аудандық полиция бөлімімен соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне дереу тіркелді.
Ақжар аудандық сотының биылғы 28 қарашадағы үкімі бойынша, аталған колледждің үшінші курс студенті осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Бүгінде үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кету кетерлігі, аталған деректі оқу орнының басшылығы білгенімен, құқық қорғау органдарына хабарланбаған.

"Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жасалған заңбұзушылықтар үшін колледждің директоры мен жауапты тұлғалары заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылып, болашақта мұндай деректердің орын алуына жол бермеу жұмыстарын ұйымдастыру қайта қаралды".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net