World News in Kazakh

Пайдалы жеміс

Ас үйінде апталап, айлап тұратын азықтың бірі — алма. Оның табиғи емдік қасиеті жайлы ойланып көрдіңіз бе? Алманың қандай пайдасы бар?

Алма көптеген ертегілер мен хикаяттарда сұлулық, денсаулықтың символы болып бейнеленеді.

Өмірді ұзартады

2011 жылы Америкадағы химиялық қоғамның өткізген зерттеу нәтижесі бойынша, алманың көмегімен өмірді 10 пайызға ұзартуға болатыны анықталды. Сондай-ақ алма жегеннен кейін ағзаның белсенділігі де арта түседі екен. Бұл зерттеу жануарларға қолданылғанымен, нәтижесі адам ағзасына да қатысты деп саналды.

Есте сақтау қабілетінің жақсаруы

Массачусетс штатының университеті жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, алма мидағы нейротрансмиттер ацетилхолиннің санын көбейтеді. Ол мидың жаңа құрылымдарды құрып, өзгертуге көмектесетін нейропластикалық модуляцияның қызметін іске қосады....

Читайте на 123ru.net