World News in Kazakh

Ақтөбеде бес бала мен үш ересек адамның қазасына себепкер болған Беларусь азаматы сотта соңғы сөзін сөйледі

Ақтөбеде 37 жастағы Беларусь азаматы Сергей Соловьев сотта соңғы сөзін сөйледі. Оның кінәсінен болған жол апатында бес жас футболшы мен үш ересек адам қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.
Қайғылы жол апаты тамыздың басында Ақтөбе облысындағы Самара – Шымкент тасжолында болған. Сол кезде көп тонналы жүк көлігі мен шағын автобус бетпе-бет соқтығысқан. Шағын автобуста бес мектеп оқушысы мен үш ересек адам болған. Жасөспірімдер туыстары және жаттықтырушыларымен бірге футбол жарысына қатысу үшін Маңғыстау облысына бара жатқан. Олардың ешқайсы аман қалмады.
Тергеу нәтижесінде апатқа кінәлі Беларусь азаматы – жүк көлігінің жүргізушісі екені анықталды. Іс материалдарына сәйкес, ол қарсы бағытқа шығып, Toyota Ipsum көлігімен соқтығысқан.
Қаза тапқандардың денесін бүлінген шағын автобустан алып шығу үшін бірнеше сағат керек болған. Сотта Соловьев кінәсін толық мойындады. Айыптау тарапы оған бес жыл түрме жазасын сұрады. Сондай-ақ зардап шеккен тараптар моральдық зиянды өтеуді талап етті. Жалпы сомасы шамамен 70 миллион теңге болады.
Сотталушы сөз сөйлеп, бірнеше рет кешірім сұрады. Оның сөзі бірнеше минутқа ғана созылды. Ер адам бұл қайғылы оқиға өмірінің соңына дейін есінен кетпейтінін айтты.

"Сіздерге шын жүректен көңіл айтқым келеді. Сіздердің қайғыларыңызға ортақтасып, шын жүректен қолдау білдіргім келеді. Шын жүректен кешірім сұрағым келеді. Мен шынымен қатты өкінемін және өз кінәмді толық мойындаймын. Бұл қайғылы жағдай мәңгі есімде қалады. Бұл туралы ойламаған күнім болған жоқ. Бұл трагедия тек қасірет пен бақытсыздық әкелді. Мен бұған өте өкініш білдіремін", – деді сотталушы Соловьев.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net