Көкшетауда тұрғынды бопсалаған күдіктілер ұсталды
Көкшетау тұрғынын бопсалағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.14 желтоқсанда Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын бопсалау туралы өтінішпен жүгінді. Оның айтуынша, 13 желтоқсанда сағат 21:00 шамасында оған шабуыл жасаған.
Белгісіз адамдар оған дене жарақатын салып, бопсалап, Samsung телефонын тартып алған. Келтірілген залал сомасы - 160 мың теңге.Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен жедел қызмет қызметкерлері күдіктілерді тез арада анықтады.
"Олар - облыс орталығының 19-22 жас аралығындағы үш тұрғыны. Полиция басқармасы осы дерек бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады", - деп жазылған хабарламада.
ІІМ осындай қылмыстарға байланысты азаматтарға маңызды ескерту жасады:
қоғамдық орындарда қырағы болу;қараңғы жерлерден аулақ болу, әсіресе кешке;материалдық жағдайыңызды жарнамаламаңыз: ақшаны, қымбат гаджеттерді немесе зергерлікбұйымдарды көрсетпеуге тырысыңыз;бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасағанда абай болыңыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!