Қазақстанның қай қалаларында жол ережесі жиі бұзылады?
Қазақстанда жыл басынан бері 11 миллион 478 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 11 миллион 478 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталған.
Заңбұзушылықтар саны бойынша, антикөшбасшылар қатарында еліміздің үш ірі қаласы - Алматы, Астана және Шымкент, сондай-ақ Түркістан және Алматы облыстары тұр.
Ең көп тіркелген заңбұзушылық:
Алматыда – 3 миллион 582 мыңнан астам жағдай;
Астанада – 1 миллион 433 мыңнан астам;
Шымкентте – 850 мыңнан астам.
Негізгі заңбұзушылық - жылдамдықты асыру. 2024 жылы осы түрдегі құқық бұзушылықтар саны 5 миллион 681 мыңды құрады, бұл жалпы санның жартысына жуығы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!