World News in Kazakh

Қазақстанда 35 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер 24, 25 және 26 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжап айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ауа райы болжамына сәйкес, 24 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде, 25-26 желтоқсанда батыста, солтүстік-батыста және шығыста атмосфералық фронттар және циклонның әсерінен қар жауады, ал республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек оңтүстікте антициклон ықпалымен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанған. Ел бойынша бұрқасын, тұман, екпінді жел, батыс аймақтарда көктайғақ күтіледі.

"Түнде ауа температурасы тек орталық және шығыс өңірлерде -20-35 градус аязға дейін төмендейді, ал қалған аумақтарда температуралық фон айтарлықтай өзгермейді", – делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net