Петропавлда дәмхана маңындағы төбелес видеоға түсіп қалды
Петропавлда түнде дәмханалардың бірінің жанында төбелес болды. Полицейлер ер адамдарды ажыратуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға қала орталығында орналасқан дәмханада болған. Бірнеше ер адам тағы үштер шамасында жанжалдасып қалған.
"Қақтығысқа қатысқандар көшеге шыққан кезде сөзге келіспей қалып, физикалық күш қолданған, салдарынан екі адам зардап шекті. Полицейлер дереу жетіп, араша түсті. Қазіргі уақытта бұзақылық жасады деген күдікпен жанжалға қатысқандардың бірі ұсталды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айтпақшы, ұсталған адам төбелес болмағанын айтып отыр, бірақ бейнебақылау камерасынан жанжалға қатысқандардың бірінің бірнеше ер адамды ұрғанын көруге болады. Полицейдің өзі соққының астында қала жаздаған.
Полицейлер болған оқиғаның мән-жай тергеу кезінде анықталатынын айтты.
"Дәмхана маңындағы төбелестен кейін 42 жастағы Петропавл тұрғынын ірі көлемдегі айыппұлдан бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза күтіп тұр. Бұзақылық үшін 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі айыппұлдан 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза тағайындалуы мүмкін. Егер мұны топ болып, алдын ала сөз байласу арқылы жасаса немесе ауырлататын өзге де мән-жайлар болса, 6 жылға дейінгі, ал қару қолданылса, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастыралады", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!