Желіде Ақтаудағы МАЭК қызметкері қаза болған жердің видеосы пайда болды
Желіде "МАЭК Казатомпром" энергетикалық комбинатындағы құбыр құлған жердің видеосы пайда болды. Алдын ала мәлімет бойынша, онда жұмысшы қаза болғаны айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Кадрларда сынған құрылымдар, кәсіпорын қызметкерлері және жедел жәрдем көлігі түсірілген.
"МАЭК" ЖШС әзірге жағдайды түсіндірген жоқ.
Еске салайық, 23 желтоқсанда энергетикалық комбинатта жұмысшы қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, оған құбыр құлаған. Облыс полициясы оқиға жайлы толық мәлімет берген жоқ, бірақ тәуелсіз дереккөздерден басылымға берген дерек бойынша, өндірісте жөндеу цехының шебері қаза болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!