Қазақстан онлайн-қызмет көрсету индексі бойынша Топ-10 елдің қатарына енді
БҰҰ рейтингінде Қазақстан электрон үкіметтің даму деңгейі бойынша әлемнің ең үздік 25 елінің қатарына енді. Біздің ел 193 мемлекеттің арасында 24-орында тұр. Бұл туралы 24.kz сюжетінде хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл ретте рейтингтің басты көрсеткіштерінің бірі – онлайн-қызметтер индексі бойынша Қазақстан Жапониядан сәл артта қалып, үздік ондыққа енді.
Қазақстаннан кейін ТМД елдерінің ішінде ең жақсы нәтиже Арменияда (53-орын). 56-орында Ресей, 59-орында Өзбекстан, 89-орында Қырғызстан орналасқан. Рейтингті Оңтүстік Корея бастап тұр, оның индексі максималды 1-ге тең, ал ең төменгі көрсеткішке ие Эритрея соңғы орында, индексі 0.
Қазіргі уақытта Қазақстанда неке тіркеу, құжаттарды ауыстыру, жүргізуші куәлігін алу, салықтық және басқа да декларацияларды тапсыру, жылжымайтын мүлік рәсімдеу қызметтерін онлайн алуға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!