Бастауыш сынып мұғалімі: Заманауи талаптар мен мүмкіндіктер
Түркістан облысы Жетісай ауданы
№11 “ Жеңіс” мектеп-гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі: Абильбашарова Жанат Ортаевна
Бастауыш сынып мұғалімі – баланың мектеп өміріне алғашқы қадамынан бастап, оның танымдық және тұлғалық дамуына жетекшілік ететін басты тұлға. Бұл мамандық – тек білім беру емес, сонымен бірге оқушылардың жан-жақты дамуына әсер ететін ерекше жауапкершілікті талап етеді. Заманауи қоғамда мұғалім рөлі күрделі өзгерістерге ұшырауда. Ақпараттық технологиялардың дамуы, білім беру жүйесіндегі инновациялар және оқушылардың жаңа ұрпағының сұраныстары бастауыш сынып мұғаліміне жаңа міндеттер жүктейді.
Мұғалімнің рөлі мен міндеттері
Бастауыш сынып мұғалімінің негізгі міндеті – балаға білім беру ғана емес, оны тәрбиелеу, жеке тұлға...