Ұшақ апатынан аман қалған балалар басқа елдің азаматтары - Оқу-ағарту министрлігі
Әзербайджан әуе жолдары компаниясының ұшағы апатынан аман қалған балалар басқа елдердің азаматтары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.
Комитет мәліметінше, апаттан аман қалған балалар Қазақстан азаматтары емес.
"Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы екі бала жеткізілді. Олар басқа елдердің азаматтары", - деп айтылған хабарламада.
Комитет қазіргі уақытта балаларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын нақтылады.
Айта кету керек, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл оқиға орнында болып, зардап шеккендерге көмек көрсету процесін бақылап отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!