World News in Kazakh

Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзербайжаннан комиссия келді

Ақтауға Әзербайжан республикасынан комиссия келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
25 желтоқсанда Ақтау маңында болған ұшақ апатына байланысты Маңғыстау облысына Әзербайжан республикасынан арнайы құрылған комиссия келді. Делегацияны Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрі бастап келді.

"Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен Әзербайжан үкіметінің өкілдері құтқару операциясы аясында жасалатын тиісті шараларды пысықтады. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай зардап шеккен азаматтарға қажетті көмектердің көрсетіліп жатқанын айтты", - делінген хабарламада.


Айта кетейік, алғашқы хабарлар 11:20-да келіп түскен, сол кезде Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ Ақтауға жедел қону үшін сұраныс жасағаны туралы айтылды.
Грозный әуежайының баспасөз қызметі мәліметіне сәйкес, ұшақтың бағытын өзгертуге қалың тұман себеп болған. Ұшақ алдымен Махачкалаға, содан кейін Ақтауға қайта бағытталған.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі.
Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды. ТЖМ тірі қалғандар бар екені туралы айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net