Алматыда 232 адамды алдап кеткен алаяқ ұсталды
Алматыда полиция 200-ден астам тұрғынды алдап соққан күдіктіні құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Түркістан облысының 27 жастағы тұрғыны Алматыда жүріп 232 адамды алдап кеткен.
"Ер адам бейтаныс адамдардың атына көлік несиесін рәсімдеген. Ай сайынғы жарнаны өз күшімен төлеймін деп, көліктерді өзіне алып алған. Аңғал азаматтарды оның сыйақысы – 1 миллион теңге қызықтырды. Полиция күдіктіні ұстады", - делінген хабарламада.
Ол қамауға алынды. Күдікті осыған ұқсас қылмыстар жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!