World News in Kazakh

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: қайтыс болғандар саны өсті

Оңтүстік Кореядағы Муан әуежайында Jeju Air жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауынан қайтыс болғандар саны 85 адамға дейін өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Yonhap News-ке сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, ұшақ апатынан 85 адам қаза тапқан және жақын арада құрбан болғандар саны күрт өсуі мүмкін. Әзірге екі адам құтқарылғаны хабарланды: бір экипаж мүшесі және бір жолаушы.

Құтқарылған екі адамнан басқа ұшақта болған барлық адам қайтыс болды деген нұсқа да жоққа шығарылмайды.

Бангкоктан оралған Jeju Air әуекомпаниясының бортында барлығы 181 адам болды, оның ішінде алты экипаж мүшесі бар. Жолаушылардың көпшілігі Корея азаматтары болды. Таиландтың екі азаматы бар.

Жергілікті телеарналар көрсеткен видеода ұшақ босатылған шассисіз қонуға тырысып жатқанын көруге болады. Ұшақ жерге сырғып, бетон қабырғаға соғылып, жарылған, содан кейін оны жалын шарпыды.

Ұшақ жарылыстан толығымен дерлік жойылды. Апат орнына 80-ге жуық өрт сөндіруші жіберілді. Іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Jeju Air әуекомпаниясының ұшағы ұшу-қону жолағында ұшпай, Муан халықаралық әуежайына қонған кезде қоршауға соғылған. Әуе апаты таңғы 9:07-де (Астана уақыты бойынша 5:07) болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net