World News in Kazakh

Қостанай облысында қарлы боранда мал бағуға шыққан шопан жоғалып кеткен

Қазақстанның солтүстік облыстарында жауған қалың қар мен бұрқасын боран жол жиектерін жауып тастады. Салдарынан Қостанай облысында 50 жастағы шопан адасып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Шұбалаң ауылының тұрғыны үйінен мал бағуға шығып кетіп, қайтып оралмаған. Туыстары құтқарушылардан көмек сұраған.

"Құтқарушылармен, полиция қызметкерлерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп іздестіру жұмыстары жүргізілді. Бірлескен жұмыс нәтижесінде шопан қатты бораннан адасып кеткені белгілі болды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ер адам табылып, үйіне жеткізілді. Құтқарушылар оның жағдайын тұрақты деп бағалады.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер еліміздің 10 облысы мен Астанада дауылды ескерту жариялаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net