World News in Kazakh

2025 жылы Алматыда қандай жолайрықтар ашылады?

Алматыда 2025 жылы қай жолайырықты салу мен көшелерді ұзарту жұмыстары аяқталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл қалада Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырықтың құрылысы, сондай-ақ Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін және Абай даңғылын қаланың шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аяқталатын айтылды.

"Мамырда Абай даңғылын Б.Момышұлы көшесінен қаланың шекарасына дейін ұзарту жобасы іске қосылады. Ұзындығы 5,3 шақырым болатын бұл алты жолақты жолдың екі жағында да веложолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары қарастырылған", - делінген хабарламада.

Жазда Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін ұзарту жұмыстары аяқталады. Ұзындығы 3,2 шақырым болатын бұл жолдың арқасында Момышұлы көшесіндегі көлік жүктемесі 40 пайызға төмендейді.

"Маусымда Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысындағы жолайырықтың құрылысын және оған іргелес аумақты көркейту жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отыр".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net