World News in Kazakh

Қар және аяз: Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" Алматы мен Астанада алдағы үш күнде – 7 қаңтар мен 9 қаңтарды қоса алғанда, ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

7 қаңтарда Астанада күн бұлтты, өткінші қар жауып, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 2-4 градус аяз.

8 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең қалың қар жауады, боран соғады. Кейде тұман. Солтүстіктен жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 13-15 градус аяз.

9 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 8-10 градус аяз.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

7 қаңтарда Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде жеңіл тұман. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.

8 қаңтар: көшпелі бұлтты, қар жауады. Кейде тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 3-5 градус аяз.

9 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 3-5 градус аяз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net