World News in Kazakh

Ақтауда ұшақ апаты: Көлік министрлігі қара жәшіктердегі деректерге қатысты мәлімдеме жасады

Ақтауда апатқа ұшыраған борттың қара жәшігіне қатысты тың дерек белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, алдағы күндері Астанаға қара жәшіктерден алынған материалдар келеді.

"Келген соң сарапшылар борттық өздігінен жазғыштардан алынған деректерді дереу зерделеуге кіріседі", - деп хабарлады ведомство.

Бұған дейін Әуе апаттарын тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) ұшақтың қара жәшіктеріндегі деректерді талдауды аяқтаған еді. Ақтау маңында апатқа ұшыраған "Әзербайжан әуе жолдары" (AZAL) ұшағының қара жәшіктеріндегі деректер алынды. Embraer 190 ұшағының деректері апаттың мән-жайын анықтап жатқан Қазақстан билігіне жіберілгені хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net