World News in Kazakh

Петропавлда құтқарушылар үш сағаттан аса уақыт бойы алапат өртті сөндірді

Петропавлда Конституция көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан азық-түлік дүкенінен өрт шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тұрғындар шұғыл түрде эвакуацияланды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің сағат 6.35-тегі мәліметі бойынша 68 адам, соның ішінде 18 бала эвакуацияланған.

"Эвакуацияланғандарды жылыту үшін вахтовка жұмылдырылды. Оқиға орнында ТЖД бастығының басшылығымен 3 өрт сөндіру учаскесі мен жедел штаб ұйымдастырылды. ТЖД психологтары да жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

5 тұрғынға, оның ішінде 2 балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетілген. Барлығы 70-ке жуық жеке құрам және 18 ТЖД техникасы жұмылдырылған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің сағат 8.16-дағы мәліметі бойынша өрт оқшауланған.

"Өртті сөндіру қатты түтінге, көптеген жанғыш материалдан туындаған өртке байланысты қиындады", - деп жазылған хабарламада.

ТЖД-де +7 (7152) 52-25-29 жедел желі телефондары ашылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net