World News in Kazakh

Терең шұңқырға түсіп кеткен: Жамбыл облысында құтқарушылар әйелге көмектесті

Жамбыл облысында әйел төрт метрлік шұңқырға құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Оқиға Жамбыл ауданына қарасты Айша бибі ауылында болған.

"Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу жетті. Олар альпинистік жабдықты пайдаланып, тереңдігі төрт метрден асатын шұңқырға түсті, зардап шеккен әйелді шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында әйелдің өмірі аман қалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте