Таразда 30-ға жуық ірі, орта және шағын кәсіпорындар қатысқан бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
"Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында Тараз қаласының прокуратурасы Тараз қаласының әкімдігі, "Жібек жолы" ауданы әкімдігі және Мансап орталығымен бірлесіп "Мүмкіндіктер алаңы – жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту" атты жәрмеңке өткізді.
Іс-шараның мақсаты – атқарушылық құжаттар бойынша берешегі бар тұлғаларға, әлеуметтік осал топтарға, пробация есебінде тұрған азаматтарға, сондай-ақ оқу орындарының түлектері мен басқа да тұрғындарға жұмысқа орналасуға көмек көрсету.
"Жәрмеңкеге қаладағы 30-ға жуық ірі, орта және шағын кәсіпорындар қатысты. Жұмыс берушілер өнеркәсіп, құрылыс, көлік, медицина, білім беру, әскери қызмет, қызмет көрсету және басқа да сұранысқа ие салалар бойынша кең ауқымды бос жұмыс орындарын ұсынды", - дейді Жамбыл облысының прокуратурасы өкілдері.
Сонымен қатар, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында прокуратураның "Қоғаммен байланыс" жобасы аясында азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.
Бұл акция жұмыс берушілерге ынталы қызметкерлер табуға, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға және жұмысшы мамандықтарын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға мүмкіндік берді.
Жалпы іс-шараға Тараз қаласының 300-ден астам тұрғыны қатысты.
Бұдан бөлек, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру мақсатында еріктілер сауда орталығының келушілеріне ақпараттық материалдар, соның ішінде интернет алаяқтықтың алдын алу жөніндегі жадынамаларды таратты.
Осылайша, бұл бастама өңірдегі қылмыс жағдайын жақсартуға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады, сондай-ақ "Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру қағидаттарына сәйкес келеді.