Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды: тізім
Ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның бірнеше аймағында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.2025 жылғы 31 желтоқсан сағат 8:30-дағы жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылған:Батыс Қазақстан облысы:
"Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 273-393 шақырым аралығы (Барбастау ауылы – Жымпиты ауылы).
Жетісу облысы:
"Үшарал – Достық" автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктұма ауылы – Достық стансасы).
Маңғыстау облысы:
"Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" автожолының 332-632 шақырым аралығы (Бейнеу елді мекені – Шетпе елді мекені).
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!