World News in Kazakh

Алматыда 14 жастағы жасөспірім із-түссіз жоғалып кетті

Алматыда 30 желтоқсанда үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған 14 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпаратқа сәйкес, 2011 жылы туған Тигран Шибаев 30 желтоқсанда Есенов көшесіндегі үйінен шығып, телефонын жөндетуге кеткен.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың жоғалу дерегі бойынша іздестіру ісі қозғалған.

Іздеу жұмыстарын үйлестіру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Іске полиция бөлімшелерінің қызметкерлері мен еріктілер тартылған. Полиция жасөспірімнің бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалғанын айтты.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, оны табу және үйіне қайтаруға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Егер іздеуге көмектесетін қандай да бір ақпарат білсеңіз, 102 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте