World News in Kazakh

Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов “Самұрық-Қазына“ құрылымында қызметке тағайындалды

Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов "Самұрық-Қазына" құрылымында қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркістан облысында электр станциясын салу үшін құрылған "Түркістан БГҚ" компаниясының әлеуметтік желілерінде Samruk-Kazyna Construction басшылығының жұмыс сапары туралы ақпарат жарияланды.
Компания кеңсесіне басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов және басқарма төрағасының активтерді басқару және цифрландыру жөніндегі орынбасары Аман Асанов барған.
"Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне бұл тағайындау туралы ақпаратты растады.

"2025 жылғы 29 желтоқсанда Ғабидолла Әбдірахымов Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары қызметіне қабылданды", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Ғабидолла Әбдірахымов компанияның басқарма мүшесі болып табылмайтыны атап өтілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте