World News in Kazakh

Агенттік несиелерді кешіру туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Желіде несиелер кешіріліп жатыр деген ақпарат тарады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Жалған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөздерді пайдалануға сұраймыз, сондай-ақ, түрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз. Көрінеу жалған ақпарат тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз", – делінген Агенттік хабарламасында.

Агенттік елде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимылының бірыңғай тетігі жұмыс істейтінін атап өтті. Осы тетік аясында мерзімі өткен берешекті реттеуге болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте