World News in Kazakh

Таразда сыныптасын өлтіріп алған жасөспірімге сот үкімі шықты

Таразда мектептегі жанжал кезінде сыныпсатын өлтіріп алған жасөспірім сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Р-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 106-бабының 3-бөлігі).

Не анықталған?

Кәмелетке толмаған 9-сынып оқушысы, Тараздағы мектеп ғимаратында өзінің кәмелетке толмаған құрдасы А.-мен жанжал кезінде оған күш қолданған. Кейін мойын жарақаты салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған.

Сотталушының кінәсі куәлердің айғақтары, сараптамалар қорытындысы және заттай дәлелдемелермен дәлелденді.

Тараптардың ұстанымы

Прокурор сотталушыға 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұрады.

Сотталушы кінәні ішінара мойындаған. Жәбірленуші тарап моральдық зиянды өндіруді сұрады.

Сот үкімі

Сот үкімі бойынша, сотталушы Р. ҚР ҚК-ның 106-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған ҚК 81-бабының 7-бөлігі және ҚК 55-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы негізінде 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ сот сотталушының заңды өкілдерінен жәбірленуші тараптың пайдасына 10 миллион теңге мөлшерінде моральдық зиян өндіріп алды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте