World News in Kazakh

Этносаралық келісім – біздің күшіміз

Қазақстан – көпэтносты мемлекет. Біз әртүрлі этнос өкілдерімен бірге өмір сүріп, бір-біріміздің дәстүрімізді, тілін және мәдениетін құрметтей отырып, бейбіт қоғамды бірге жасаймыз.

Ал заң – бұл біздің қоғам бірлігін сақтайтын “қорғаныс қалқаны”.

Заң бізді қорғайды

ҚР Конституциясы:

  • 1-бап – Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
  • 7-бап – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
    Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
    Қазақстан халқының барлық тілдерін үйрену мен дамытуға жағдай жасалады.
  • 14-бапЗаң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
    Ешкімді нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына немесе басқа да белгілеріне байланысты кемсітуге болмайды.

Мысалы, сіз қай ұлттан болсаңыз да, заң сізді қорғайды – бұл тек қағазда емес, біздің өмірімізде де күшті!

Этносаралық және дінаралық келісім – бәріміздің мүддеміз

174-бап – әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру

Бұл бапқа жатады:

  • Ксенофобия – өзге ұлтқа, мәдениетке немесе бөтен деп қабылданатын адамдарға қатысты қорқыныш, өшпенділік пен жеккөрушілік көзқарас.
  • Тілдік кемсіту – адамның қай тілде сөйлейтініне байланысты оны төмендету, шектеу, қорлау немесе қоғамнан шеттету.
  • Этностарды қарсы қою – қоғамды «біз» және «олар» деп бөліп, бір этносты екіншісінен артық немесе кем етіп көрсету арқылы араздық тудыру.

Бір ғана пост немесе сөз қоғамдағы тұрақтылыққа әсер етуі мүмкін – сондықтан жауапкершілік әрқайсымызда.

Осы баптың зардабы –  2000-7000 АЕК (бір айлық есептік көрсеткіш – 4 325 теңге) мөлшеріндегі айыппұл салуға не екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге/айыруға жазаланады.

Тіл – көпір, араздық емес

“Тіл туралы” Заң бізге үйретеді: тіл – қару емес, көпір.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде немесе қоғамдық орында тілдік мәдениетті сақтау – әрқайсымыздың мәдени жауапкершілігіміз.

Сообщение Этносаралық келісім – біздің күшіміз появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте